Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания патшайымына сенім грамоталарын табыстады

Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания патшайымына сенім грамоталарын табыстады

8 наурыз күні Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов жоғары мәртебелі патшайым Елизавета ІІ сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Baq.kz.

Букингем сарайында өткен салтанатты шара барысында Е.Ыдырысов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан патшайымға ізгі тілектер тілеп, тақта отырғанына 65 жыл толуымен құттықтады.

Кездесу аясында Қазақстан елшісі қос ел арасында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, құқықтық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастың даму деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Патшайым Елизавета ІІ Қазақстан мен Ұлыбритания арасында байланысты одан әрі нығайту және кеңейту маңыздылығына тоқталды.