Біріккен ұлттар ұйымындағы ширек ғасыр. Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға арналған халықаралық ұйымға мүше атанды. Бұл айтулы оқиға Сыртқы істер министрлігінде өткен жиында аталып өтті. Оған еліміздің БҰҰ-на мүше болып қабылдануы туралы өтінішін жеткізген Қазақстан тарихындағы алғашқы елші-әйел Ақмарал Арыстанбекова да қатысты. Сол кезде елімізбен бірге кезінде Кеңес Одағы құрамында болған  тағы 7 мемлекет  БҰҰ-на мүше атанған. Қазақстан халықаралық ұйым құрамына еніп, адамзаттық мәселелерді шешуге белсенді қатысу мүмкіндігіне ие болған 168-ші мемлекет.

АҚМАРАЛ АРЫСТАНБЕКОВА, ҚАЗАҚСТАНННЫҢ БҰҰ-дағы ТҰҢҒЫШ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

Біздің елдің өтінішін қараған соң Қауіпсіздік кеңесі Бас Ассамблеяға Қазақстанды ұйымға мүше етуге ұсыныс жасады. Еліміз 25 жыл ішінде халықаралық қатынастар саласында үлкен жолдан өтіп, БҰҰ-ның бедел­ді мүшесіне айналды. Атал­ған ұйыммен игілікті ынты­мақтастық аясында Қазақ­стан халықаралық аренада лайықты орынға ие.

НОРИМАСА ШИМОМУРА, БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Қазіргі таңда Қазақстан көмек алушыдан донор  рөліне көшті. Яғни елдердің дамуы үшін қаржылық қолдау,  білім мен тәжірибе алмасу сынды жобаларды қолға алуда. Демек, халықаралық мәселелер мен міндеттерді орындайтын ел болған Қазақстан сол міндеттерді қалыптастырушы мемлекет дәрежесіне жетті. Осы жетістіктері үшін Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде таңдалды.

БҰҰ-ның Қазақстандағы үйлестірушісі Норимаса ШимомУраның айтуынша, Қазақстан ұйымға мүше атанған кезден бастап өзінің бағытын нақты айқындады. Елде Семей полигоны жабылып, бейбітшілік пен қауіпсіздік бағдары қолдау тапты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер