Қазақстан мен Түркия жеңіл өнеркәсіп саласында іскерлік байланысты тереңдете түсуге мүдделі. Түркия экспорттаушылар мәжілісінде өткен келелі кездесуде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасы Медеу Ділдабаев осындай ниет білдірді. Алқалы жиынға түрік елінің жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы мен жетекші кәсіпорын басшылары қатысып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен кеңінен танысты. Әсіресе, шетелдік кәсіпкерлерді арнайы экономикалық аймақтың жұмысы мен инвесторларға жасалған салықтық жеңілдіктер ерекше қызықтырып отыр. «Мысалы құжаттардың «бір терезе» қағидасы бойынша рәсімделуі мен корпоративті табыс, жер, мүлік және қосымша құн салығынан босату - инвесторлардың Қазақстанға қаржы салып, кәсіп ашуға деген ынта-ықыласын арттырады», - дейді, түрік кәсіпкерлері.

ФИРДЕВС АТИЛЛА, КӘСІПКЕР /ТҮРКИЯ/:

Қазақстанға инвестиция салудың тиімді болатынына сенімдімін. Осыған байланысты ертең компаниямыздың сарапшыларымен отырып, бүгін кездесуде айтылған ұсыныстарды жеке-жеке қарастырамыз. Арнайы экономикалық аймақта жасалған салықтық және кедендік жеңілдіктер мен жергілікті биліктің инвесторларға деген қамқорлығы біздің көңілімізден шықты.

МЕДЕУ ДІЛДАБАЕВ, «ОҢТҮСТІК» АЭА БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ /ҚАЗАҚСТАН/:

Жеңіл және тоқыма өнеркәсібіне түрік инвесторларын Қазақстанға тарту – мақсатымыз. Бүгінгі таңда Бас консулдықпен бірлесе осындағы ірі тоқыма өнідірісінің басшыларын жинап, жеңідіктер мен Арнайы экономикалық аймақтың әлеуеті жөнінде, ОҚО экономикасы мен жалпы Қазақстанның шетел инвесторларына жасап отырған жеңілдіктері жайлы ақпарат бердік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер