Елімізде энергия тиімділігі саласында 20-ға жуық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Олардың бәрі энергия үнемдеу картасына еніп отыр. Құжатта нақты жоспар мен қаржыландыру көздері анықталған.  Бұл туралы Мәжілісте өткен жиында белгілі болды. Жобалардың дені мемлекеттік-жеке-меншік серіктестігі негізінде іске аспақ. Мұнымен қатар стратегиялық инвесторлар ретінде дүниежүзілік қаржы институттары да белгіленіп отыр.

АЛЬБЕРТ РАУ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бұл жобаларда  қанша қаражат керек және қанша тиімділік көрсететіні нақты көрсетілетін болады. Қазіргі уақытта жалпы құны 65 млрд теңге болатын 113 өтініш түсті. Олар тиісті картаға енгізіліп отыр. Сондай-ақ «Даму» бағдарламасы аясында да шағын бизнеске 200 млн доллар бағытталмақ. Бұл  энергия тиімділігін арттыру жобаларына үлкен қолдау.

Энергия тиімділігін арттыру үшін энергия сервистік компаниялар үшін заңнамалық кедергілерді жою керек, дейді депутаттар. Мұнымен қоса, «жасыл жобаларды» қаржылық қолдау тетіктерін реттеу мәселесі де қозғалды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер