Алматыдағы электрлі автобус құрастыратын зауыттың алғашқы өнімі ел назарына ұсынылды. Заманауи көліктер экологиялық тұрғыда таза әрі үнемді.  ТМД бойынша баламасы жоқ кәсіпорын жылына 1000 автобус құрастыруға қауқарлы. Қазір кәсіпорында екі үлгідегі қоғамдық көлік құрастырылады. Электр қуатымен жүретін қоғамдық көлік 300 шақырымға 3200 теңгенің электр қуатын пайдаланады.

МҰРАТ МҰСАБАЕВ, «HIGER QUAZAR» ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біздің автобустар электр қуатымен жүргендіктен қоршаған ортаға, адамдарға зиян қалдықтар тастамайды. Екінші жағынан экспулатация кезінде газ және дизельмен жүретін автобустарға қарағанда бір автобус жалпы есеппен айына 500 мың теңге үнемдейді.

Зауыт Қытайдың Хайгер компаниясымен бірлесе жұмыс істейді. Өйткені, аспан асты елі әлемдегі электрлі көліктердің 99 пайызын өндіреді. Қытайлық компания болса, біздің ғалымдардың өнертабысын жоғары бағалап, өндірісте пайдалануға келісім жасасқан. Заманауи автобустар бір орталық арқылы бақыланады. Осы салада білікті маман дайындау үшін кәсіпорын іріктеуден өткен студенттерді Аспан асты еліне жіберіп білімдерін асырмақ.

ӘМІРБЕК ӘБИЕВ, Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰТЗУ СТУДЕНТІ:

Бұл Қазақстан Республикасында алғаш жасалып жатқан электро көліктердің және Қазақстан Республикасындағы ірі жобалардың біріне қатысуына мүмкіншілік алғаныма өте қуанамын. Бұл зауытта біздің студенттер тек қана теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де білім алуда.

Айта кетейік, Германия, Норвегия, Нидерланд және Франция мемлекеттері алдағы бірнеше жылда толықтай электр қуатымен жүретін көліктерге ауыспақ. Ол үшін арнайы жеңілдіктер мен мемлекеттік бағдарламалар жасалған. Өйткені, заманауи технологияның қоршаған экологияға зияны жоқ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер