Әлем мәдениетінің жыршысына айналған «Астана Опера» театрында «Бразилиялық нақыш» атты музыкалық кеш өтті. Концерттік бағдарламада есімі әлемге мәшһүр латын америкалық компазитор  -  Эйтор Вила-Лобостың классикалық шығармалары орындалды. Биыл әлем қауымдастығы 130 жылдық мерейтойын атап өтетін сазгер көзі тірісінде  мыңнан артық туындыны өмірге әкеліпті. Сондай-ақ дирижер, педагог, фольклор жинаушы әрі зерттеуші, музыка сыншысы және жазушы ретінде кеңінен танылып үлгерген.

БАҒДАТ ӘБІЛХАНОВ,  «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСІ:

Оның музыкасы өзіндік  қайталанбас ырғағымен ерекшеленеді. Көптеген қойылымдар мен концерттерге арқау болған шығармаларды мирас етті.  Эйтор Вила-Лобосты бразилиялық фольклор мен Еуропаның академиялық музыкасын бір туындыда шебер үндестіре білген өнер майталманы ретінде білеміз. 

Бразилиялық музыканың бар көркемдігін Жұпар Ғабдуллина, Бағдат Әбілханов, Әсел Жақиянова, Жанар Ахатова, Құрманжан Ахатов, Диана Сартай сынды «Астана Опера» театрының жетекші солистері мен орындаушылары жеткізді. Камералық оркест дирижері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Кеш мәдениет ошағының «Елдер мен құрлықтар» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер