Әсем сазына өлең иірімдері өрнектелген «Гәкку» әні кез келген тыңдаушысын бірден өзіне баурап, ұйыта түседі. «Қыз Жібек» киносы мен  операсының арқауы болып, қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітованың есімін әлемге паш еткені баршамызға белгілі. Кезінде 90 түрлі нұсқада шырқалған кең тынысты, әуен байлығы, терең мазмұн мен күрделі құрылымымен ерекшеленетін туындының авторын білмейтін кемде-кем. Ұлттық мұражайда қазақ өнерінің өрісін кеңейткен халық сазгері,  көмейіне бұлбұл ұялаған жезтаңдай әнші, суырып салма ақын Үкілі Ыбырайдың өнегелі өмірі мен  шығармашылығына арналған кеш өтті.

СЫРЫМ МҰХАМЕДЖАНОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Ғалымдар қанша зерттеушілер бұл кісіге өз еңбектерін арнап сиясын кептіріп жазды. Әдеби жүзінде бұл кісінің аты елге мәшһүр. Әндері жағынанда үлкен деңгейге шыққан қазақтың маңдайына біткен тұлғаның бірі, бірегейі.

Бүгінде Ыбырай Сандыбайұлының қаймағы бұзылмастан шырқалып келе жатқан 40-қа жуық төл туындысы бар.

СЫРЫМ МҰХАМЕДЖАНОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Алтыбасарды қазір Ақан серінің әні деп жүр. Бірақ сөздеріне, жазуларына әрбір зерттеулерге қарап Алтыбасардың Үкілі Ыбырайдікі екеніне бірте-бірте көзіміз жетіп келе жатқан сияқты. Осыны қайтадан Үкілі Ыбырайдың өзіне қайтару деген мақсат бар.

Киелі өнерімен аты аңызға айналған тұлғаның уақыт өткен сайын халық қазынасына қосқан әндері келер ұрпаққа баға жетпес мұра екені сөзсіз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер