Қазақстан батыс пен шығысты байланыстыратын көпір ғана емес, сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы елге айналды. Сол себепті экономикалық өрлеудің үшінші кезеңіне аяқ басқаны түсінікті заңдылық. Президент Жолдауымен танысқан қытайлық сарапшы осылай дейді.

ДИН СЯОСИНЬ, XАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Қазақстан қашанда өзіне мақсат қоя білетін, және сол мұратына жету үшін тер төгетін ел. Бүгінде экономикалық өрлеудің үшінші кезеңіне аяқ басқанын көріп отырмыз. Бұған дейін Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасып, экономикалық өрлеуді басты бағдар етіп алса, енді әлемдік нарықты бағындыруға, соған лайықты ауқымды жүйе қалыптастыруға талпынысын байқаймын. Жолдау Қазақстанның қазіргі мүмкіндіктерін ескере отырып, ұқыптылықпен дайындалған».

Ал Президент Назарбаевтің Үкіметке 2020 жылға дейін Транзиттік тасымалдың жылдық көлемін арттыру керек деген тапсырмасына Латвия үлкен қызығушылық білдірді. Ригадағылардың ойынша, екі мемлекет арасындағы тасымал саласындағы ынтымақтастықтың басты мақсаты – контейнерлік тасымал.

МАКСИМ ТОЛСТОЙ, РИГА ДУМАСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жеті есе арттыру деген – өте үлкен мөлшер. Ақшалай эквиваленті де айтылды – 5,5 млрд доллар. Бұл өте үлкен ақша, тасымал Латвия арқылы өтетіндіктен, бұл жұмысқа біз де міндетті түрде қатысуымыз керек. Оны жақсы жағдай туғыза отырып, екі жақ үшін тиімді етіп, контейнерлерді толтырып, жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау арқылы жүзеге асырамыз.

Елбасы ұсынған үшінші жаңғырту бағдарламасын ресейлік экономистер де зерттеп жатыр. Жаңа технологияларды дамыту арқылы инновациялық жобаларды Қазақстан экономикасының барлық саласында қолданысқа енгізу елімізге заман талаптарына сай жаңа экономика құрып, өзге де дамыған елдермен терезе теңестіруге мүмкіндік береді, дейді Экономикалық стратегиялар институтының бас директоры Александр Агеев.

АЛЕКСАНДР АГЕЕВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫСЫ /РЕСЕЙ/:

Жаңа экономикада бәрін адам капиталы билейді. Жаңғыртуды іске асыру үшін көзі ашық, жаңашылдықты игеруге бейім, виртуалды ортада жұмыс істейтін қабілетті адамдар қажет.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер