Қазақстан Малайзияға экспорт көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Алайда бұл үшін жаңа көлік жолдарын дамыту қажет. Осы ретте қос тарап «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне үлкен үміт арттырып отыр. Бұл туралы Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Данияр Сарекенов мәлім етті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 75 млн долларды құраған. Елшінің айтуынша, Қазақстан экономикасына инвестиция салуға мүдделі малайзиялық іскерлер де жетерлік. Бүгінгі күні елімізде мұнай-газ, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында табысты жүзеге асқан бірлескен жобалар бар.

ДАНИЯР САРЕКЕНОВ, ҚР МАЛАЙЗИЯДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Қазір мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жоба сәтті жұмыс істей бастады. Болашақта жаңа транспорт дәліздерін ашу арқылы екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік бар. Себебі Малайзия компаниялары қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр.

Сондай-ақ, Малайзия Астанада өтетін «EXPO-2017» көрмесіне 50-ге тарта компаниясын жіберуді жоспарлап отыр. Олар мамандандырылған көрмеде баламалы энергия және технология саласындағы соңғы жетістіктерін паш етуге дайындалып жатқан көрінеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер