Асыл тұқымды мал ұстаудың тиімділігі де, пайдасы да мол. Осы салада еңбек етіп жүрген қазақстандық шаруалар енді экспорт нарығын бағындыруды көздеп отыр. Алматы облысында ірі қара бордақылаумен айналысатын қожалықтар сиыр етін тікелей Қытай нарығына шығарғанды жөн көреді.

БАҚЫТЖАН МАКЕТОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

Қытайға экспорттағымыз келеді. Қытай бізге жақын болып тұр қазір. Мына Жаркент арқылы жіберсек пе деген ой болып отыр.

Алматы облысының Сарқан ауданындағы мына шаруа қожалығы қазақтың ақ бас сиырын өсірумен айналысады. Мұнда 300-ден астам қазақтың ақ бас сиыры бар. Алға қойған жоспарлары – шаруашылықты кеңейту.

ЖАНАТ БЕРШІМБЕКОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

Мал бордақылау алаңы мен убойный цех ашамыз деген мақсатымыз бар. 100 бас бола ма, 200 бас бола ма, сондай басқа барады ғой енді. Бұл шаруашылық 200 бас ірі қара байлап отыр. Мал сәуір айына дейін бордақылау алаңында болады. Жергілікті атқарушы билік өкілдері етті тиімді бағамен саттыққа шығару жолдарын қарастыруда.  

ЕРҒАЗЫ ҚОШАНБЕКОВ, САРҚАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мал бордақылау алаңындағы шаруа қожалықтарын біріктіріп, ертең бір-ақ жерден мал сойылып, бір-ақ жерден қабылданып, шаруа қожалықтары алаңдамайтындай, ешқайда малын тасымайтындай жағдайды ұйымдастырғалы отырмыз. Келесі жылы осы уақытта жұмыс жасайтын боламыз.

Сыртқы нарыққа асыл тұқымды мал етін жеткізуді көздеген қожалықтар кооперативтерге бірігіп әрекет етпек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер