АҚШ-тың Вирджиния Штатында дәстүрлi халықаралық балалар байқауы өтті. Сан алуан шет елдiктердiң басын қосқан фестивальға қазақ елiнiң бүлдiршiндерi де катысты. Меймандарды қазақи салт-дәстүрмен қарсы алып, тiл үйiрер ұлттық тағамдар әзiрледi. Әсiресе, мазмұны терең мемлекеттiк нышандарымыз бейнеленген стенділерге қызығушылық бiлдiргендердің қарасы қалың болды. Аталған байкау АҚШ-тың баска да штаттарында жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

МИЛЛИ ГОНСАЛЕС, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

Қазакстанның дайындығы шынында да көңiлдi көншiтедi. Сiздердiң мемлекеттiк нышандарыңыз, әзiрлеген тағамдарыңыз, қандастарыңыздың ауызбiршiлiгi үлгi тұтарлық.

Кішкентай қазақстандықтар ұлт дәстүрлерін шетелде таныстырып жатса, елде жүрген жас ғалымдар құлтемірге «Қара жорға» билетті. Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әділ Ордаев пен ұстазы Бақытбек Нұрлыбекұлы арнайы бағдарлама түзіп, роботтарды буын биіне икемдеген. Жобаны жасауға бірнеше ай уақыт кеткен. 18 бөлшектен құралған моторды ұлттық биге көндіру оңай болмапты.

ӘДІЛ ОРДАЕВ, СЕМЕЙ Қ. НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Роботты тек қана билеткізбей, оған жан беру керек деп ойлаймын. Сондықтан біз роботтарды билеткізу кезінде әрбір қозғалысты сақтау кезінде өзіміздің жүрегіміздің кішкене бөлігін бердік деп санаймыз. Болашақта олар тек қана «Қара жорға» ғана емес, «Қамажай» билерін де билейді деген ойдамын».

Құлтемірге жан бітіріп, көне биге икемдеу арқылы қазақтың ұлттық өнерін ұлықтағымыз келді,-дейді авторлар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер