Қазақстан сыртқы істер министірінің орынбасары Роман Василенко БҰҰ бас хатшысының саяси істер бойынша орынбасары Джеффри Фельтманмен кездесті. Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Іс-сапар халықаралық саясат саласындағы АҚШ-тың жетекші сарапшыларымен кездесуге ұласты.  Кездесу Орта Азия елдерімен АҚШ-тың ынтымақтастық мәселелері бойынша маманданған, америкалық үкіметтік емес  «Азия қоғамы» ұйымының алаңында өтті. Сонымен қатар, Роман Василенко қатысушыларды Қазақстандағы маңызды ішкі саяси өзгерістермен таныстырды. Атап айтсақ, Елбасының  билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлуге қатысты үндеуін баяндады. Тараптар Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарын атап өтті.

Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысқа жыл басында кіріскен. Беделді ұйымдағы қызметінде еліміз Сомали мен Эритрея бойынша комитетке жетекшілік етеді. Осы аймақтағы тыныштық пен келісімнің тұтас Африка құрлығындағы қауіпсіздікке әсері мол,- дейді мамандар.

АНТОНИО ТЕТЕ, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ АФРИКА ОДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстан мен Африка арасындағы қарым-қатынас тек қана БҰҰ қауіпсіздік кеңесі аясында қарастырылмауы керек. Африка аумағындағы барлық елдердің ынтымақтастық орнатудағы мүмкіндіктері бірдей. Қазақстан тарапы Африка құрлығындағы жағдайды жақсы түсінеді деп үміттенеміз. Бұл өте маңызды процесс. Сондықтан да біз Қазақстанның тұрақты даму жөніндегі барлық бастамаларын қолдаймыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер