Биыл елімізде жаңа кедендік кодекс қабылданады. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, жаңа құжат Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тауар тасымалына оң септігін тигізбек. Сондай-ақ, қолданыстағы өзге де заңдарға сай әзірленіп, кедендік кедергілерді азайтуға бағытталған. Жалпы биыл ел экономикасының өсімін мұнай өндірісі, үдемелі индустриалды-инновациялық жобалар және «Нұрлы жол» бағдарламасы қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, транзиттік жүк тасымалы артып, бюджет бүйірі толығуы мүмкін. Оның үстіне, алдағы онжылдыққа арналған жаңа стратегиялық жоспар әзірленіп отыр.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Өндірісті дамытып, экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру үшін 2025 жылға дейінгі "Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамалары" атты жаңа стратегиялық жоспарды қабылдаймыз.

Сондай-ақ, ведомство басшысы министрліктің жоспарларымен де бөлісті. 2017 жылы жүйе құрушы, өңдеу өнеркәсібі, транзиттік жүк тасымалы салаларының әлеуетін көтеру көзделіп отыр. Осылайша, ағымдағы жылы ЖІӨ-ді 2,5 пайызға өсіру жоспарланған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер