Қазақстан ғылым саласы бойынша ТМД ішінде көш басында келеді. Ширек ғасыр ішінде еліміздегі ғылыми ұйымдар 2 есеге көбейіп олардың саны 300-ден асқан. Ғылымды қаржыландыруға соңғы 3 жылда 100 млрд теңге бөлінген. Елбасының биылғы жолдауына сәйкес, еліміз ұстанған саясаттың үш діңгегі – білім, ғылым, инновация. Яғни инновация мен ғылымға негізделген өндіріс құру. Осы үш бағытты біріктіру ұлттық ғылым академиясына жүктелген міндет. Академия Қазақстан ғылымын серпінді дамытуға жәрдемдесетін нағыз қажырлы ұйымға айналды деп айтуға толық негіз бар.

ӘЛИ ӘБІШЕВ, АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫНЫҢ РЕКТОРЫ:

Қазіргі уақытта ғылымның рөлі жоғары. Себебі, өндірістің дамуы, барлық салалардың дамуығылыми зерттеулерге байланысты. Қаржыландыру мәселелрі ол тек қана үкімет тарапынан емес, әрбір оқу орны өз бағытынан ізденістерге қаражат жасап, осы ғылыми орталықтарды дамыту керек. Ол тек қана мемлекеттік қаржыландыру болмай, оған өндірісті тарту, мемлекеттік-жекеменшік жобаларды көтеру керек.

Қаржыландыру демекші, енді ғылымға жеке инвестицияларды тартуды көзделген. Отандық ғылымды дамытуда биліктің ғана емес бизнестің де қолдауы қажет.

ӘНУАРБЕК СҰЛТАНҒАЗИН, «ҒЫЛЫМ ҚОРЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Негізі былтыр біз мына осы тағайындалған келісімшартқа келген жобаларға 1 млрд қаражат бөлдік, бізді қуантатын жайт сол 1 млрд-қа біздің кәсіпкерлер 107 млн өздерінің қаражаттарын қосты. Ал енді былтыр тағайындалған 31 жобаның бағасы 5-7 млрд болса оған 400 млн астам қажаратын өзіміздің кәсіпкерлер салып отыр.

Келісі бір мәселе, ғылыми мәліметтер халықаралық, яғни ағылшын тілінде де жариялануы тиіс. Бұл Қазақстан жетістігінің жаһандық ғылыми кеңістікте де өз орынын табуына көмектеседі. Инновацияның иігілін көру үшін белгілі бір жүйе керектігін шетелдік мамандар да растап отыр.

ВЛАДИМИР ФОРТОВ, РЕСЕЙ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Серпіліс жасап дамып кеткен мемлекеттерде инновациялық жүйе бар. Ондай елдердің экономикасының 80 пайызы жеке бизнестің үлесінде, қалған 20-сы ғана мемлекеттікі. Ал біздің елдерде керісінше. Бизнес ынталандырылмаған. Сондықтан меніңше, инновациялық жүйе құру керек. Түбі барлық мемлекеттер бірігіп бір жүйемен жұмыс жасауы тиіс.

Айта кетсек, биыл ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 70 жыл. Осыған орай өткен жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев тың технолгияларға басымдық берудің маңыздылығын айтты. Ел халқына жасаған биылғы Жолдауында бұл туралы елбасы ерекше атап көрсеткен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер