Болашақ мамандардың тәжірибе жинақтауына қолдау көрсететін компанияларға жеңілдіктер беру қажет. Дуалды білім беру мәселесіне арналған жиынға қатысушылар осындай ойларын ортаға салды. Білім берудің бұл жүйесін дамытуда колледждерді басқару тізгінін бизнеске беру маңызды,- деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев. Бұл тұста неміс тәжірибесі меңгерілуде. 2015 жылдан бері Трир қаласының Қолөнершілер палатасымен бірлескен жоба қолға алынған. Оның аясында 50 тәлімгер оқытылып үлгерді.

ТАЛҒАТ АХЫМБЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Жамбыл облысындағы Жамбыл политехникалық колледжінің 1 мамандығы кірген. Осы проект бойынша 6 ірі кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалған. Онда топтағы  24 бала өздерінің тәжірибелік сағаттарын, практикаларын сол кәсіпорын базасында өтіп жатыр. 

Германия тәжірибесін Қазақстанда толықтай енгізу мүмкін емес, -дейді   Трир қолөнершілер  палатасының жоба үйлестірушісі Альберт Овер. Мақсат бұл емес. Бастысы, кәсіптік бағдар беруді ерте бастайтын неміс тәжірибесін қазақстандық білім жүйесіне барынша бейімдеу.  

АЛЬБЕРТ ОВЕР, ТРИР ҚАЛАСЫ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖОБА ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Сәуір айында Қазақстанға жобаның жүзеге асырылуын бағалайтын сарапшылар келмек. Дуалды білім берудің палата, кәсіпорын тарапынан қаншалықты қолдауға ие болғандығына мән береді. Германияда білім берудің кем дегенде 60 пайызы кәсіпорындарда өтеді. Қазақстан осы жүйеге бет бұра бастады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер