Сирия келіссөздерін өткізген Астана алаңын басқа да қақтығыстарды реттеуге қолдануға болады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің ашық дебатында мәлімдеді. Жиын халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау тақырыбы төңірегінде өтті. Басқосу барысында Еуропадағы заңсыз миграция, ұйымдасқан қылмыс, адам саудасы секілді мәселелер пысықталды. Отырысқа қатысқан тараптар кәрі құрлықтағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу керектігін айтты.

РОМАН ВАСИЛЕНКО, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Астана алаңы соңғы бірнеше апта бойы Сирия қақтығысын реттеу үшін қолданылды. Негізі Елорданы халықаралық саясаттағы басқа да мәселелерді шешуге арналған бітімгерлік алаңына айналдыруға болады. Бүгінде Қазақстанның осы іспеттес бастамалары халықаралық деңгейде қолдау тауып жатыр. Сирияда бейбітшілік орнатуда біздің елдің жасап жатқан ісі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қызығушылығын арттырды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер