2016 жылы Қырғызстан мен Түркменстан нарығына шыққан қазақстандық көліктер енді Қытайға экспорттала бастады. «Қазақстанда жасалған» жол талғамайтын автокөліктер талғамы жоғары көршілерді тәнті етті. Вагонға тиелген автокөліктердің алғашқы партиясы шекара асып, 1 апта ішінде иелеріне жеткізілмек.

АНДРЕЙ ТОЛСТИКОВ, «АЗИЯ АВТО» АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Қытай нарығын бір елдің нарығы деп қарастырмауымыз керек. Оны тұтастай бір құрлық десек артық болмас.  Сол себепті аталған алпауыт елдің нарығына шыққанымыз үлкен жетістік деп ойлаймын. Осы жылдың екінші жартысында Қытайдағы әріптесімізге тағы 800 автокөлік жөнелтпекпіз. Ал биылға межелеген жалпы жоспарымыз 2 жарым мыңғатарта темір тұлпарты сыртқы нарыққа шығару болып отыр.

Автокөліктер сапалы, жол талғамайды әрі арзан. Зауыт механигі Павел Александров қытайлық тұтынушылардың ықыласына бөленген «Нива» көлігінің анағұрлым ыңғайлы екенін айтады.

ПАВЕЛ АЛЕКСАНДРОВ, МЕХАНИК:

Біз бұл көліктердің қарапайым болғанына үйреніп қалдық. Қазір олар ыңғайлы бола түсті. Алдыңғы орында жылыту құрылғысы, кондиционер қойылды. Жаңартылған шанақтар орнатылды.

Шығыс Қазақстандағы автокөлік құрастырушы зауыттың жеке логистикалық паркі бар. Ол арқылы дайын өнімдерді тасымалдау тиімді. Бұл – отандық кәсіпорынның экспорттық әлеуетінің тағы бір көрінісі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер