Қазақстан туризм саласын дамытуда Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін пайдалануға ниетті. Осы жылдың басында Әбу-Дабиде екі ел серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойған. Рас-әл-Хайма Әмірлігінің туризмді дамыту департаментінің басшысы Қазақстанның ірі туристік операторларымен тығыз байланыс орнатқысы келетінін жеткізген. Сөйтіп, біздің елдің өкілдеріне Араб Әмірліктерінің аумағында туристерді тарту шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік берілді. Туризм саласының маманы Хайтам Маттардың пікірінше, Қазақстанның табиғаты ерекше көркем. Айта кетейік, өткен жылы Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне саяхаттап барғандардың қатары күрт өскен. 2015 жылмен салыстырғанда 200 пайызға.

ХАЙТАМ МАТТАР, РАС-ӘЛ-ХАЙМА ӘМІРЛІГІНІҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстанның туризмді дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Бірақ сіздер ішкі туризмге ерекше көңіл бөлулеріңіз қажет. 17 млн ғана халық тұрғанымен кең байтақ жерлеріңіз бар. Астана мен Алматы болашақта ірі туристік орталықтарға айналатынына сенімдімін. Мен алғаш рет Астанаға келгенде таң қалдым, мәдени, тарихи дәстүрлеріңізге сай етіп салынған бүгінгі заманғы қала.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер