Күнделікті өмірімізде алғыс сөздерді қаншалықты жиі қолданып, «рақмет» айтамыз?

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл ретте әлеуметтік желілерде шын жүректен алғыс айтқыңыз келетін адамдар туралы хикаяларыңызбен бөлісуді ұсынамыз. Жарияланымда осы флешмоб жайлы айта келіп, оған #RakhmetKazakhTV хэштегін қосуды ұмытпаңыз (профиль ашық болу керек). Дедлайн – 28 ақпан, сағ. 12:00.

Интернет бөлімнің редакциясы ең қызықты хикаяларды таңдап, kazakh-tv.kz сайтына жариялайды. Ең үздік шыққандарына брендтелген сыйлықтарымыз да дайын! Редакцияның пікірі бойынша ең ұтымды хикая 1 наурыз күні, Астана қаласы, «Астана Опера» опера және балет театрында өтетін «Японская весна» өнер фестиваліне екі билетті ұтып алмақ. Ал, кеттік!

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер