«Хабар» телеарнасы 27 ақпан күні таңертең «Оскар» сыйлығының  89-шы табыстау салтанатын көрсетеді. Көрсетілім таңғы 5.30-да Лос-Анджелестегі «Долби» театрының қызыл кілеміне қонақтардың келіп жетуі трансляциясынан басталады. Содан кейін көрермендер салтанаттың өзін көреді. Кеш жүргізушісі – белгілі жүргізуші, комик Джимми Киммел.

«Хабар» - эфирінен қазақстандықтар «Оскарды» көре алатын жалғыз хабар таратушы. Комментаторлар - Дмитрий Мостовой және Нұржан Еркінұлы, арнайы шақырылған сарапшы – Кәрім Қадырбаев.

«Хабар» телеарнасының кинопремияны трансляциялау құқығын бірінші жыл иеленіп отырған жоқ. Бірнеше жылдар бойы эфирге қысқартылған телевизиялық нұсқалар шығып келді, олар қазақстандықтар үшін ыңғайлы уақытта берілді. Биыл салтанат тікелей эфирден таңертең Қазақстан аумағында Астанадағы «Қазмедиа орталығынан» трансляцияланып көрсетілетін болады.  

Мүсіншелер 24 санаттың жеңімпаздарына табысталатын болады, солардың арасында «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік актер», «Үздік актриса» және басқалары бар. Номинациялар саны бойынша көшбасшы болып Дэмьена Шазеллдің 14 санатта берілген «Ла-Ла Ленд» картинасы табылады. Джон Ледженд, Стинг, Джастин Тимберлейк, Лин-Мануэль Миранда және басқалары «Моана», «Ла-Ла Ленд», «Тролли» және «Джим: История Джеймса Фоули» сияқты көркем, анимациялық және деректі фильмдерден алынған өлеңдерді сахнада орындайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер