Сапалық өзгерістер кез-келген мемлекеттік жүйеге керек. Қазақстандағы Коснтитуциялық реформадан хабардар болған The London Post газетінің бас редакторы Шахид Куреши осылай дейді. Оның пікірінше, реформа мемлекеттік құрылымның тиімді үлгісін қалыптастыруға жағдай жасайды. Оған қоса, тың бастамалар өскелең ұрпақ өміріне оң ықпал ететді.

ШАҺИД КУРЕШИ, THE LONDON POST ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Менің ойымша, президент нағыз уақытында дұрыс шешім қабылдай білді. Мемлекет құру үшін ол біршама уақыт бойы билікті өз қолында ұстады және көздеген мақсатына жетті. Егер бұл өзгерістер мен реттеу шараларын қазір қолға алмағанда болашақта қиын болар еді. Президент алдағы ондаған жылдарға арналған жоспар құра білді. Меніңше, демократияның дамуы кез-келген мемлекеттің басты назарында болуы керек. Және бұл болашақта өзге елдер арасында көшбасшы болуға өз септігін тигізетін қадам.

Италияның Азия және Жерорта теңізі институтының Президенті Жан Гуидо Фоллонидің ойынша, еліміздегі саяси жүйені демократияландыру дұрыс шешім. Тиімді экономикасы мен толысқан қоғамы бар Қазақстан қуатты мемлекетке айналды. Сарапшы реформа үлкен жауапкершілікті қажет етсе де, таңдалған бағыт дұрыс деп санайды.

ЖАН ГУИДО ФОЛЛОНИ, ИТАЛИЯНЫҢ АЗИЯ ЖӘНЕ ЖЕРОРТА ТЕҢІЗІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Президент Н.Назарбаевтың алға бастауымен жүріп келген Казақстан басқа елдердің назарын өзіне бірден қаратты және бәрінің де құрметіне лайық. 90-жылдары күйреген Кеңес жүйесінің бөлігі ретінде қазақ елі көптеген қиындықтарға тап болды. Жаңа мемлекетті құрастыру, ұлттық бірегейлікті қалпына келтіру, экономика мен нарықтық қатынастарға бағытталған әлеуметтік өсімді іске қосу маңызды болды. Қуанарлығы, бұл міндеттердің барлығы орындалды. Сол себепті, бүгін жетіліп күшейген мемлекеттің жүзеге асырып отырған реформасы – дұрыс қадам деп есептеймін.

Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуімен танысқан түрік сарапшылары да Елбасының саяси реформаларына қатысты ой-пікірін ортаға салды. Ыстамбұл университеті Саясаттану және халықаралық қатынас бөлімінің профессоры Ирфан Чифтчидің пікірінше, тәуелсіздіктің ширек ғасырын сәтті еңсерген Қазақ елі алдағы саяси реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, дамудың жаңа сатысына көтеріледі.

ИРФАН ЧИФТЧИ, ЫСТАМБҰЛ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері биліктің барлық тетіктерін топтастырған президентпен басқарылып келді. Ол уақытта орта тап жоқтың қасы, ал мемлекеттік және азаматтық институттар қалыптасып үлгермеген еді. Арада 25 жыл өткеннен кейін жағдай күрт өзгерді. Қазақстанда халықтың әл-ауқаты артып, ел-жұрттың тұрақты табысы арта түсті. Орта тап өкілдері көбейіп, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси-әлеуеметтік институттар халықаралық талапқа сай жұмыс істей бастады. Сәйкесінше, қоғам демократиялық құндылықтарды сіңіріп, оның принциптерімен өмір кешуге дайын екендігін ашық аңғарта бастады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер