Қазақстан мен Ресей мәдениет саласында бірлескен әрекеттер жоспарына қол қойды. Бұл құжат 2017 жылға арналған және ол екіжақты мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Бұған дейін де бірнеше келісімдерге қол қойған болатынбыз. Оның ішінде Ресейдегі мемлекеттік Эрмитаж бен өзіміздің Ұлттық мұражай арасындағы ортақ көрмелер. Отандық мамандарымыздың реставрация бойынша біліктіліктерін арттыруы біз үшін маңызды. Шеберлік класстарына белгілі ғалымдардың келгені де өте пайдалы. Университет ректоры Айман Мұсақожаевамен бірге премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қабылдауында болып, биыл Астанада Чайковский атындағы халықаралық жастар байқауын өткізуге дайын екенімізді айтты.

Осыған сәйкес, алдағы күз айларында отандық Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастрольдік сапары Томск, Новосибирск, Кемерово және Барнауыл қалаларында өтетін болды. Ал жазда Астанада өтетін ЕХРО көрмесі шеңберінде ресейлік өнер ұжымдары гастрольдік сапарларымен келуді жоспарлап отыр.

ВЛАДИМИР МЕДИНСКИЙ, РФ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ:

Маусым айында өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында бірнеше ірі мәдени шараларды өткізуді жоспарлап қойдық. Оның қатарында Марийнский, Михайлов театрларының қойылымдары, мемлекеттік Эрмитаж және де Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының гастролін ұйымдастыру бойынша келіссөздерді жүргізіп жатырмыз.

«EXPO-2017» көрмесі аясында екі жақты мәдени іс-шаралар ұйымдастыру мәселесі ресейлік министрдің еліміздің мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықовамен кездесуінде де сөз болды. Сондай-ақ, тараптар екі ел мамандарының кино саласындағы бірлескен жобаларына тоқталды. Бірлесе кино түсірудегі алғашқы тәжірибе сәтті шыққанын жеткізіп, игі бастаманы жалғастырудың маңызын атады.

ВЛАДИМИР МЕДИНСКИЙ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ:

Былтыр екі елдің мамандары алғаш рет бірлесе түсірген «28 панфиловшы» фильмі көрермен тарапынан өте жоғары баға алып, шетелік көрсетілімге шықты. Қазір осы игі бастаманы жалғастыру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Екі кино түсіру жоспарда бар. Біреуі 40 жылдарды бейнелейтін әскери триллер десек те болады. Екінші киноның оқиғалар желісіне қазіргі кезеңді арқау етпекпіз. Оқиға Қазақстанның солтүстігіндегі шағын қалада өтеді. Режиссері – Вера Глаголева, ал биылға межеленген бірінші кино «28 Панфиловшыны» түсірген топқа берілді.

Мемлекеттік хатшы елбасының тапсырмасына сәйкес, мәртебелі мейманға халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін екінші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер