Қазақстан Президентінің халқына Жолдауы жаһандық даму талаптарына сай келеді. Бұл – Корей Сонггюгван университетінің профессоры Юджин Лидің пікірі. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған саяси және әкімшілік өзгерістер республикаға жаңа мүмкіндіктер береді. Әсіресе, адами капиталды тиімдірек қолдану ұмтылысы заман талаптарымен үндес.

ЮДЖИН ЛИ, СОНГЮГВАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ /КОРЕЯ/:

Қазір Қазақстан өте қызық кезеңді бастан кешіп жатыр. Өзгерістер өте көп. Ол әлемдік қауымдастықтың толыққанды халықаралық мүшесі бола бастағанын айғақтайды. Сондықтан бұл өзгерістердің бағыты дұрыс әрі барлық ғаламдық өзгерістермен қатар жүріп жатыр деп есептеу керек.

Адами капиталған инвестиция құю – ең дұрыс шешім. Ұлыбритания парламенті лордтар палатасының мүшесі Патрик Томас Кормак осылай дейді. Оның пікірінше, ел игіліктері тек экономика және өнеркәсіппен ғана емес, білім беру және денсаулық сақтау сияқты адами капиталдың құрамдас бөліктерімен де өлшену керек.

ПАТРИК ТОМАС КОРМАК, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАРЛАМЕНТІ ЛОРДТАР ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстан халқына Жолдауында Президент Назарбаев бірқатар маңызды мақсат қоя білді. Сондықтан да болар, Жолдау ел ішінде жан-жақты талқыланып, қолдау тапты. Қазақстан азаматтары бұл жоспарларды орындау кезінде айрықша рөл ойнайтынын ұғынуы керек. Адами капиталға инвестиция құю халықтың болашағын ойлаумен бірдей, әсіресе Еуропа, Америка және басқа да елдерде оқып, ол тәжірибені өз елдерінде пайдаланатын жастар үшін маңызы зор.

Ал Латвия сарапшылары Қазақстан Президенті жолдауындағы экономикалық даму мен қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мәселесіне назар аударған. Мамандар қос мемлекет ақпараттық технологи, инновация, өнеркәсіп пен энергетика, логистика және транзит салаларында ынтымақтастықты бекемдеу керек деп есептейді.

МАРИС КРАУТМАНИС, ПУБЛИЦИСТ:

Қазір бәсекеге қабілетті болу үшін мүмкіндігінше жаңа технологияны пайдалану керек. Мұны Қазақстан жақсы біледі.  Бүгінде Қазақ елі қарқынды дамып жатыр. Сондықтан біздің тарапымыздан екі ел арасындағы  бизнес байланысты нығайтуға ниет бар. Әсіресе Қытай Қазақстан, Ресей арқылы өтетін жаңа жібек жолы жобасы аясында бірлесіп жұмыс істесек, Латвия арқылы Еуропаға жүк тасымалын жандандыруға болады. Сондықтан біз Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер