Қазақтың бірегей мәдени мұрасы - ұлттық фольклорды ұлықтау. Елордада дәстүрлі халық шығармашылығының кеші өтті. Әуенді де әузді бағдарлама шымылдығын «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы ашты. Ансамбль мүшелерінің әрбірі жеке оркестр іспетті. Кез-келгені  ұлтымыздың ежелден келе жатқан шекті, үрмелі соқпалы аспаптарын бірдей меңгеріп алыпты.

ҚАЗБЕК АТАМБАЕВ, «ҚОРҚЫТ» САЗ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жоспарымыз тағы кенжелеу қалған көне аспаптарды ансаблге қосып халыққа, жастарға көрсетіп дәріптеу. Алда көптеген концерттер бар. Биыл жазда экспо келе жатыр. Онда көптеген туристер келеді. Сол адамдарға еліміздің өнерін паш ету. 

Қазыналы қазақ мәдениетінің енді бір терең әрі құнды арнасы – сал-сері, жыршы, термешілердің өнері. Сол көне поэзиялық шығармашылықтың ауызша тамаша үлгілері мирас болып қалды. Ғибратқа толы туындыларды еліміздің дәстүрлі ән орындаушылары жеткізіп келеді.

СЕКЕН СЫЗДЫҚ,  МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

«Жыр бастау» деген концерттің тақырыбы. Соған сай әр өңірдің өзінің жыршы, термеші, батырлардың бұрын айтылмай жүрген тың дүниелері,  қазақтың тілі бай ғой, сол  мәнді-мағыналы сөздерді бүгінгі концертте біздің әншілеріміз корермендерге паш етеді.

Елордада халық өнерінің ерекше өміршеңдігін анықтайтын жыр кештері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер