«Классиктермен сұқбат». «Астана Опера» театрында алғаш рет Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеттің концерті өтті. Айдар Тоқталиев, Алексей Лебедев, Бекзат Сайлаубайұлы және Ернар Мыңтаев сынды талантты музыканттардан құралған топ 18-20-ғасырдың шығармаларын орындады. Атап айтар болсақ, Моцарт, заманауи америкалық сазгер Сэмюэл Барбер және Ғазиза Жұбановалардың шығармалары бар. Музыканттар қайда концерт қойса да, отандық сазгерлердің туындыларын бағдарламаларына міндетті түрде қосатындарын айтады.

Ұжым 1988 жылы құрылған. Ол кезде барлығы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған орта мектепте оқитын. Квартет мүшелері білімдерін Еуропаның үздік оқу орындарында, атақты мұғалімдермен жалғастырған. Бүгінде олардың орындау шеберлігі тек елімізде ғана емес, шетелдік тыңдарманның да ықыласына ие.

ЕРНАР МЫҢТАЕВ, КВАРТЕТТІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Зарубежом наша музыка Шетелде біздің музыканы тыңдармандар жақсы қабылдайды. Еуропа, Америкада мәселен. Біздің басты мақсатымыз – отандық сазгерлерді өзге елдерде насихаттау. Шетелдіктер үшін ұлттық колориті бар қазақ әуені тың нәрсе. Олардың айтуынша, біздің музыкада дала сазы бар.

Ғазиза Жұбанова атындағы квартет жақында Италия, одан кейін Америка Құрама Штаттарында концерт бермек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер