22 ақпан күні Алматыдағы Chaplin (Mega Park) кинотеатрында Қанат Байсекеевтің «Bala» деректі фильмінің тұсауы кесілді. 

Картинада АҚШ азаматтары асырап алған қазақстандық балалардың өмірі баяндалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жас режиссер Қанат Байсекеевтің бұл жобасы жөнінде бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

40 минуттық фильм ағылшын тілінде, орыс субтитрларымен жарыққа шықты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Автордың айтуынша, фильмді түсіруге 5 мың АҚШ доллары қажет болған. Краудфандинг компаниясы арқылы xалық оған бұл қаражатты 5 күнде жинап берген.

"Менің шығармашылығыммен таныс аудиториям, көрермендерім мені қолдады. Алғашқы төлемді Әлішер Елікбаев жасады, осылайша, әлеуметтік желінің өзге де қолданушыларына қаражат жіберулеріне ұйытқы болды. Аударымдар 5-500 доллар аралығында жасалды", - дейді ол.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер