Әрбір қазақстандық орташа есеппен 60 келіден астам ет жейді, деп жазады 7kun.kz.

Қазақстанның ет одағының мәліметі бойынша, ет өнімдерін есептемегеннің өзінде елімізде бір ғана тұрын жылына 63,2 келі таза ет тұтынады.

Ең танымал түрі – сиыр еті (25,3 келі). Дегенмен Қазақстандықтарды ет жеуден Беларус басып озды. Олардың жылдық нормасы – 72 келі. Ал ресейліктер бізбен салыстырғанда 2,9 келі аз яғни жылына 60,3 келі ет тұтынады. Өзбекстана жылына 25,8 келі, Тәжікстанда 12,6 келі ет желінеді. Жылдық орташа көрсеткіші – 43,4 келі ет.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер