Қазақстан экономикалық еркін 50 елдің қатарына қосылды. Америкалық The Heritage Foundation зерттеу орталығы экономикалық еркіндіктің халықаралық рейтингін жаңартты.  Қорытындысы бойынша, Қазақстан 42-ші орынға тұрақтап, Ресей мен Беларусьтан басып озды, деп хабарлайды ел үкіметінің ресми сайты. Бір жыл бұрын Қазақстан небәрі 69-шы орында болған. Бүгінде отандық экономикадағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Польша, Румыния, Бельгия, Түркия секілді елдерден де жоғары көрсеткіш көрсетті. Рейтингті құру барысында елдердің экономикалары он өлшем бойынша бағаланады. Соның ішінде меншік құқығының кепілдігі, сыбайлас жемқорлықтан қорғау, бюджеттік шығындардың тиімділігі мен айқындығы, сауда еркіндігі, еңбек нарығының икемділігі бар. Сарапшылар Қазақстанның экономикалық еркіндікті одан әрі дамыту мақсатында бірқатар шараларды қабылдағанын мәлімдейді. Қолайлы реформалардан банктердің жекешелендірілуі, бәсекеге қабілетті салық мөлшерлемелерін енгізу, сауда режимін жаңғыртуды атаған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер