Қытайда өтіп жатқан «Табиғат үні» деп аталатын байқаудың талабы бойынша тек ұлттық, фольклорлық ән орындалуы шарт. Қазақ әншісі Арай Айдархан осы сайыста бақ сынасып жатыр. Төртінші кезеңде ол «Бақсының жаңбыр шақыруы» деп аталатын туындыны таңдап, қазақстандық «Роксонаки» этнотобының сүйемелдеуімен орындады.

АРАЙ АЙДАРХАН, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ:

Мысалы, Асан қайғының, Бұхар жыраудың жырлары дейді, көктеген ақыл дастандар бар. Сол ақылиядардың ішінен бір үзінді алып, «ұл 15-ке келгенше қолыңдағы қобызың, ұл 15-тен  асқан соң, тіл алмаса доңызың, ұрысқақ болса ұлың жау, керіскек болса келін жау», деген сияқты сөздерді мынау рокн-рол стилінде мына халыққа паш еттік.

«Табиғат үні» байқауында барлығы 50-ге жуық халықтық шығарма бәсекеге түседі. Үздік үш ән әйгілі АҚШ-тың музыкалық сыйлығы Грэммиге үміткер болады. Оны  осындағы қытайлық көрермен дауыс беру арқылы анықтайды. Арай Айдархан бұған дейін «Самал тау», «Әже» және «Терме» сияқты туындыларын орындады. Оның әндерін қалың көрермен қошеметпен қабылдады. Жергілікті өнерпаздар а қазақ әншілерінің Қытай сахнасында өз орны бар екенін айтады.

СЫЦИН ГЭЖИЛЭ, ҚЫТАЙ ӘНШІСІ:

Қытайда қазақ әншілерінің танымалдығы артып келеді. Бұл ұлттық өнерді насихаттуда өте жақсы мүмкіндік. Арай сияқты талантты музыкантпен бір байқауға қатысып жатқаныма қуаныштымын.

Арай Айдархан есімі қытайлық көрерменге жақсы таныс. Осындағы бірнеше музыкалық байқауларға қатысып жүлдегер атанған. 2013 жылы «Chinese Idol» бағдарламасында үздік бес орындаушының бірі болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер