Биыл Еуразия даму банкі Қазақстанның 30 жобасын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Инвестиция ауқымы шамамен – 1 млрд доллар. Бұл ақшаның басым бөлігі тау-кен өндірісі, құрылыс, энергетика және телекомммуникация салаларын дамытуға бағытталмақ, деп мәлім етті Еуразия даму банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Панкин.  Сондай-ақ, қаржы ұйымы еліміздің ауыл шаруашылығындағы ірі жобаларға да қаржы құюға дайын.

ДМИТРИЙ ПАНКИН, ЕУРАЗИЯ ДАМУ БАНКІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Банктегі инвестициялық жобалардың жалпы портфелі - 2,5 млрд доллар. Соның шамамен 1 млрд 200 млн доллары қазақстандық жобалардың үлесінде. Яғни, портфельдің 45 пайызы Қазақстанға бөлінген. Қазіргі уақытта біз инвестиция салуды көздеп отырған бірқатар жаңа және қатысу үлесімізді кеңейткіміз келетін ескі жобалар да бар. Арасында Алайғыр қорғасын-күміс кен орны, Құндызды кен орны, «Богатырь» көмір разрезі сияқты біз үшін аса қызықты жобалар бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер