БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде кезекті жастар форумы өтті. Шара аясында түрлі елден келген 700-ден астам делегат, атап айтқанда жастар саясатының министрлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар ұйымдарының көшбасшылары бас қосты. Шараға Қазақстанның делегациясы да қатысты. БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі арқау болған биылғы форум 2030 жылға дейінгі кезеңде тұрақты даму тақырыбына арналады. БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерриш бейнежолдауында жастарды қауіпсіз әлем құру жұмысына қосылуға шақырды. Форумға қатысушылар пікір алмасып, заманауи проблемаларды шешу жолдарын талқыға салды.

ЛИРА РАИСОВА, ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Күн тәртібінде білім, денсаулық және әлеуметтік мәселелер саласындағы тұрақты даму мақсаттары, сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды. Жастар форумына бірінші рет қатысып отырғандықтан осы халықаралық алаңдағы жұмысымыздың бірнеше басым бағыттарын өзіміз үшін айқындап алдық. Жалпы, форум халықаралық проблемаларды, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге қомақты үлес қосатын маңызды шара болды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер