Қазақстандық ақын-жазушылардың шығармаларын бір арнаға тоғыстырған «Әдебиет порталы» интернет жобасының жаңа нұсқасы әзірленді. Елордада мазмұны тереңдей түсіп, түрленген сайттың мүмкіндіктері таныстырылды. Жаңартылған форматтың келбеті өзгеріп, оқырман үшін жеңіл әрі ыңғайлы қызметтер қосылды.  Енді  кез-келген пайдаланушы жеке блогын ашып емін-еркін пікір алмаса алады. Сондай-ақ мобильді нұсқасы қолданысқа еңгізілген. Әдебиет әлемінен сыр шертер шараға жиналған қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері ақ тілектерін жолдап, жырдан шашу шашты.

ДӘУРЕН АБАЕВ ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ:

«Қабат-қабат бұлт төнсе де басыңа,

қабағыңды шытпа, жігіт, жасыма!

Біз шегінсек, біз жеңілсек, бізді байқап тұрып,не істемекші жас ұлан?!

От ішінде,өрт ішінде күйгенде,басыңды име,тізе бүкпе,именбе!

Ер еңкейсе еңкейеді, жалғыз-ақ туған жердің топырағын сүйгенде!

Әдеби порталдың жаңа нұсқасының тұсаукесері құтты болсын! Осы жаңа қадам елге, әдебиетті жаңаша тұрғыда жаңа серпін береді деп сенемін!»

ЖАНАТ АЙМҰХАМБЕТ, АҚЫН:

Жақсы істің бастамасы, ұлттық руханиятқа деген жақсы жол деуге болады. Сондықтанда алдағы уақытта бұл порталдың ісі жемісті болып, үлкен белестерге жетеді бағындырады деп білеміз.

Еске салайық, Орта Азия кеңістігіндегі  тұңғыш әдеби ғаламтор жобасы осыдан үш жыл бұрын ашылған. Бірегей сайт технологияның соны үлгілерін пайдалана отырып, тек жазба түрінде ғана емес, оқырмандарға аудио, бейне жазбалар арқылы да қызмет етеді. Қазіргі таңда портал қорында 5 мыңға жуық электрондық кітап, 3 мыңнан астам автордың жеке парақшасы бар. Сондай-ақ, балаларға арналған аудиокітаптар, танымдық энциклопедиялар мен аңыз-ертегілер топтастырылған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер