Елордада италиялық суретші Рон ди Скензаның жеке көрмесі ашылды. Шетелдік шебер қазақстандықтардың назарына соңғы үш жылдық шығармашылығының жемісін ұсыныпы отыр. 40 еңбектің дені қайта өрлеу дәуірінің мәнерінде орындалған «Қара түнекте билеушілер» топтамасы.  Гиперреалистік кескіндемелерде жарық пен көлеңке үндестік құрған. Қара фонның үстіне бейнеленген адамдар шын мәнінде тас қараңғыда салмақсыздық күйге ұшырағандай әсер қалдырады.  

РОН ДИ СКЕНЗА, СУРЕТШІ /ИТАЛИЯ/:

Мен ренессанс мәнерінде қазақтың биіші қызын бейнелеген едім. Қазақ биі мен ұлттық киім көңілімме қатты ұнады. Ондағы  қимылдарда    балеттің нәзіктігі мен Испан биінің інкәрлігі бар. Осы еңбек шабытымды оята түсті десем артық айтпаймын. Алайда ол туынды сатылып кетті. Болашақта қазақ биші қыздарының топтамасын жасасам деймін. 

Тән сұлулығы мен әсерлі қимылдар өмірдегі шынайы адам образдары. Ал қоршаған ортаның әсемдігі бейнеленген пейзаждар жинағы суретшінің естеліктері мен қиялынан туыпты. Табиғатың тылсым сырлары әспеттелген туындыларда көрерменін өзіне баурап, үңілдіре түсті    

БАЙҚОҢЫР ИЖАНОВ, ӨНЕРТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР:

Пейзаждарыда шындыққа жанасатын лирикалық дүниеге бай. Жазу стилінде бояулары қанықты, жылы түстермен салқын түстер жақсы ұғынысқан. Тереңділіктіде жақсы мәнерлі контрасты шебер қолдана білген. Жас суретшілерімізге оның шығармаларынан көп дүние үйренуге болады.  

Рон ди Скенза алдағы уақытта Қазақстаның көз тартар сұлу табиғатына да бірқатар туындыларын арнайтынын айтады. Бұл италиялық қылқалам шеберінің елімізге алғаш келуі емес. Ол отандық суретші, архитекторлармен шеберлік бөлісіп, етене жұмыс жасап тұрады екен. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер