Фото Facebook

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы №78 қау­лы­сымен Цой Алексей Владимирович ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ол 1996-1997 жж. ол SELS college London (Ұлыбритания) оқу орнында оқып, 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын, 2007 жылы – «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, 2015 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдады.

2002-2004 жж. ол Республикалық клиникалық ауруханасының, Астана қаласы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының (ҰҒМО) эндоскопист-дәрігері қызметін атқарды. 2004-2007 жж. ҰҒМО аға ғылыми қызметкері, эндоскопист-дәрігері, докторанты болды.

2007-2008 жж. Астана қаласындағы ҚР Президентінің Іс басқармасының Медициналық орталығы Заманауи технологияларды енгізу орталығының директоры қызметін атқарып, 2008-2010 жж. аталған орталықтың директоры болды.

2010-2011 жж. Астана қаласындағы ҚР Президентінің Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысы қызметін атқарды.

2011 жылы Астана қаласы №1 Қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды. Алексей Цой аталған қызметті 2014 жылға дейін атқарды.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне дейін ол ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды. 

Алексей Цой Медициналық ғылым кандидаты, іскерлік әкімшілік докторы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер