Сирия дағдарысын реттеуге арналған Астана процесінің кезекті келіссөзі өтті.Тараптар жалпы отырысқа түгел жиылып, күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді көтерді. Әсіресе, оқ атпау режимін орындау талаптары қызу талқыға түсті. Жиында алдымен келіссөзге арнайы алаң ұсынып отырған қазақстандық тарап өкілі сөз алды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бейбітшілік бастамаларға тоқталып, Сирия ахуалын шешуге барынша үлес қосу қажеттігін айтты.

АҚЫЛБЕК ҚАМАЛДИНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қауымдастыққа бейбітшілік бастамасын қолдайтын бірегей тұлға ретінде танылған. Сондықтан, елбасы Астана процесінің барынша нәтижелі өткенін қолдайды. Әсіресе, оқ атпау режимі қатаң түрде сақталуы керек. Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде Сириядағы қақтығыстың тоқтауына өз үлесін қосады.

Сирия билігі Астана процесінің Женевадағы жиындарға негіз болғанын және үкімет тарапынан соғыс қимылдарын тоқтатуға бар күш-жігер жұмсалатынын айтты. Оған қоса, «Астана 1» және «Астана 2» резолюциялары алдағы жиындарға арқау болуы тиіс», - деді саясаткерлер. 

БАШАР ДЖАФАРИ, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ СИРИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

Оқ атпау режиміне қол қойған кепіл мемлекеттер мен сириялық оппозиция енді терроризмге қарсы күресуі тиіс. Және үкімет әскері мен одақтастарына қолдау көрсетуге міндетті. Астанада бұл басқосу Женевадағы келіссөздерге негіз болды және онда қабылданатын құжаттарға зор септігін тигізді. Қазақстандық достарымызға алғыс айтамын.

АЛЕКСАНДР ЛАВРЕНТЬЕВ, РЕСЕЙДІҢ СИРИЯ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ӨКІЛІ:

Сирияның қарулы оппозициясының құрамында осы бірлестікке кіретін Сирияның оңтүстік бөлігінің бірқатар аумағын бақылайтын оңтүстік майдан өкілдері қатысты бұл әлі келіссөзге қатысуды ойланып отырған басқа оппозициялық топтарға үлгі боларлық іс. Біз өшпенділікті жеңіп әр сәт сайын алға жылжи беруіміз керек. Меніңше, Астанадағы сириялық оппозициямен жасалған үлкен жұмыс пен Ресей, Түркия және Иран елдерінің арасындағы үштік форматтағы кездесулер аз да болса нәтиже берді. Бұл кездесу әскери қимылдарды тоқтату мәселесімен айналысатын бірлескен топ құру туралы келісімге қол жеткізді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер