Грузия «EXPO-2017» көрмесіне дайындалуда. Соңғы жылдары «болашақ энергиясы» бұл елде де негізгі тақырыпқа айналды. Сондықтан халықаралық көрме баламалы энергия көздерін дәріптеп, шетелдік инвесторлар тартуда тамаша мүмкіндік болмақ. 

ЛЕВАН ПЕВЛЕНИШВИЛИ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ:

«Грузия «EXPO-2017» көрмесіне қызу дайындықты бастады. Соңғы жылдары болашақтың энергиясы бұл елде де негізгі тақырыпқа айналды. Сондықтан халықаралық көрме баламалы энергия көздерін дәріптеп шетелдік инвесторлар тартуда тамаша мүмкіндік болмақ».

Грузия «EXPO-2017» көрмесіне қатысатынын бір жарым жыл бұрын хабарлаған еді. Қазір энергетика министрлігі халықаралық көрмеде көпшіліктің назарына ұсынылатын концепциямен жұмыс істеп жатыр. Сала мамандары жобаның қағаз күйінде тұрғанын айтады. Жақын арада авторлар оны іске асыруға кіріседі. Бұл жобаға халықаралық деңгейдегі мамандарды тарту жоспарда бар.

ТАМАР ДЖАНАШИЯ, ГРУЗИЯ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:

«EXPO – жай ғана жиын емес, халықаралық деңгейдегі ең үлкен көрме. Грузия соңғы рет 2010 жылы Шанхайдағы көрмеге қатысқан еді. Біз үшін EXPO-ның «болашақ энергиясы» атты тақырыбы жақын. Себебі Грузияда бұл мәселе өзекті болып тұр. Біздің концепция да осы қуат көздерін игеру мақсатында құрылады. Сондықтан, Грузияның осы саладағы транзиттік мүмкіндігіне баса назар аударамыз.  

Грузия EXPO-ға мәдени бағдарламасын да ала келеді. Әлем алдында ұлттық ерекшеліктерін көрсетіп, грузин халқының дәстүрлі ас мәзірінен дәм татқызу жоспарда бар екен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер