4 мыңға жуық елордалық дарын қарым-қабілеттерін сынауда. Астанада балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық - 2017» ХІ ашық шығармашылық қалалық байқауы өтуде. Үздіктер 10-15 және 16-20 жас аралығындағы 2 топ бойынша іріктелмек. Қатысушылар  15 аталым бойынша 8 жанрда мықтыны анықтайды. Олар жеке немесе ансамбльдік аспапта орындау, классика, хор, эстрадалық ән, театр сынды сан түрлі салада өз өнерлерін ортаға салмақ. Қазылар алқасының құрамында белгілі өнер қайраткерлері, мәдениет және білім саласына еңбек сіңірген қызметкерлер мен педагогтар. 28 ақпанда Бейбітшілік пен келісім сарайында балалар мен байқаудың гала-концерті өтіп, алтын жүлдемен марапаттау рәсімі ұйымдастырылмақ. «Сарыарқа» би ансамбліндегілер осы рәсімге қатысуға үмітті. Екі жыл қатарынан жеңімпаз атанған топ биылғы жарыстан да құр қол қайтпақ емес.

НҰРДӘУРЕН БАҚЫТ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

Біз байқауға оқу басталғаннан бері дайындалдық. Өзбекше биде өзбек халқының салтын көрсетеміз, қазақша биде «Балалық шаққа саяхат» деген тақырыппен күресіп, асық ойнап жүргенін бимен көрсетеміз.

ӘНУАР ЖАНҒОЗИН, АСТАНА Қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы байқауға өнердің әрбір саласында ең дарынды, ең белсенді, ең қабілетті жастар қатысып жатыр. Басты тақырыбы – болашақ энергиясымен, болашақ ұрпақ энергиясымен байланысты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер