16 ақпан күні «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг берді. Коммерциялизациялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев ЭКСПО-2017 кәдесый өнімдерін көрсетті.  

«2016 жылдың тамыз айынан бастап компания ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі лицензиаттарын таңдау шарасы өткізілген болатын. Бұл ел арасында, сондай-ақ шетелдерде сатылатын халық пайдаланатын кең спекторлы тауарларға қатысты. Ең маңыздысы, фирмалық тауарлар арқылы көрме туралы естелік қалдыру» - деді Д.Еркімбаев.

Ықтимал лицензиаттар үшін әр түрлі тауарлар тізімі ұсынылған. Бүгінгі таңда мынадай категориялар бойынша: ағаштан жасалған өнімдер, теріден жасалған өнімдер, шағыр кәдесый өнімдері, мобильдік аксесуарика, полиграфия, ойыншықтар, ересектер мен балалар киімдері, зергерлік бұйымдар, іскерлік аксессуарлар, кондитерлік өнімдер, музыкалық құралдар, коллеционерлер үшін тауарлар және тағы да басқа көптеген тауарларға ұсыныстар қабылданады. Толығырақ https://expo2017astana.com/business-partnership/konkursyi сайтынан көруге болады.

Бұл тауарлар Көрме аумағындағы фирмалық дүкендерде, ел арасында лицензиаттардың дистрибьютерлік жүйесі, сондай-ақ әуежай, темір жол вокзалы, ірі сауда ойын-сауық орталықтары арқылы сатылатын болады. Барлық тауарлар өндіруші компания есебінен жасалады.

Бүгінгі таңда 110 түрлі көпшілік пайдаланатын өнімдеріді шығаруы анықталған комиссияның алдын-ала қарауынан 13 компания өтті.

«Қазірде 70 өнім бойынша тауарлар үлгісі әзірленіп, бекітілді, оның кейбірін алдарыңызға ұсынып отырмыз. Лицензиаттарды таңдау рәсімі ай сайын жүргізілуде. Өтінімдер 2017 жылдың наурызына дейін қабылданады» - деп ақпараттандырды Д.Еркімбаев.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер