БҰҰ-дағы Таяу Шығыс елдерінің тұрақты өкілдері қазақ елінің бастамаларын жоғары бағалайды. Сарапшылардың айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесіне арналған саяси үндеуі бейбіт әрі өркениетті әлем құруға шақырады. АҚШ-тағы дипломатиялық миссия басшылары Елбасының Астана Кодексін әзірлеу туралы идеясын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, сарапшылар БҰҰ-на мүше елдердің әскери бюджетінің 1 пайызын тұрақты дамуға бөлу арқылы дамушы мемлекеттерді қолдауға мүмкіндік туатынын айтады.

МОХАМЕД АЛИ АЛЬХАКИМ, ИРАКТЫҢ БҰҰ-ДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

Ирак терроризммен бетпе- бет келген елдердің бірі. Сондықтан біз Біріккен ұлттар ұйымымен лаңкестіктің алдын-алуға қатысты ұдайы жұмыс істеп келеміз. Бұл бір ғана елдің емес, халықаралық қоғамның мәселесіне айналып отыр.  Бұл мәселені үнемі ірі ұйымдардың талқысына салып келеміз. Сондықтан біз Қазақстанды Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан көргенімізге қуаныштымыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер