Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу үрдісі басталды. Құзыретпен қатар, жауапкершілік жүгін артыратын жаңашылдық аясында Президенттің 40-қа жуық өкілеттігі Үкімет пен Парламентке берілуі мүмкін. Қазақстанның өзінің даму жолының нәтижесінде қалыптасқан жаңа саяси жаңғырту атқарушы және заң шығарушы биліктің жұмысын ширатып, тиімділігін еселеуге бағытталған.

ҮНЗИЛА ШАПАҚ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Конституция дегеніміз қоғамдық келісімшарт. Сондықтан қоғамды басқару үшін конституция сол қоғамға сәйкес келуі керек. Парламенттің шығарған заңнамаларын іске асыруды қамтамасыз етіп тұрғандықтан, Үкіметтің көп жағдайда Парламенттің алдында жауапты болуы дұрыс деп танылып отыр. Бұл жалпы әлеуметтік-экономикалық дамудың, қоғамның дамуының нәтижесінде келген бірден-бір белес болып табылады.

Қазіргі таңда бұл конституциялық реформа – Елбасы жолдауымен қатар қоғам қызу талқылап жатқан тақырыптың бірі. Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша қазір ел арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұқара халық Ата  заңға енгізілетін өзгерістерге қатысты өз ұсыныстарын айтып, ойымен бөлісуге құқылы. Ал арнайы құрылған комиссия олардың барлығын есепке алмақ. Көпшілік заман ағымына сай қолға алынған тың бастаманы ел дамуындағы елеулі кезең ретінде бағалап  отыр.

ГАМАЛ ТҮЗЕЛБАЕВ, «АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ЗТБ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекеттік органдар бұл үрдіс бойынша өзіне көптеген жауапкершілік алады. Жауапкершілік алғаннан кейін тек қана әлеуметтік саладағы мемлекеттік органдар ғана  емес экономика, туризм  саласындағы  мемлекеттік органдарда қоғамдық бірлестіктермен жұмыс істеуге мәжбүр болады. Бұл ресурстар еліміздің дамуына, азаматтық қоғамның өркендеуіне өсзсептігін тигізеді деп ойлаймын.

Президент Назарбаевтың билік тармақтары өкілеттігін арттыру жөніндегі үндеуі әлем қауымдастықтарының да назарын аударып, шетелдіктердің қызығушылығын тудырған. Бұл Қазақстанның лайықты болашағын құру жолындағы қажетті реформа.  Белгілі британиялық жазушы әрі журналист Ник Филдинг осылай дейді. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл мәселені халықтың талқысына дер кезінде салғанын құптап отыр. Әрі қазақстандықтардың бұл мүмкіндікті мүлт жібермейтіндігіне сенімді. 

НИК ФИЛДИНГ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ ҰЛЫБРИТАНИЯ:

Президент Назарбаевтың конституциялық реформа жөніндегі ұсынысын мен қолдаймын. Бұл Қазақстанның өткеруге тұрарлық жолы деп білемін. Бұл өйткені демократияға апарар жол. Мен бұл бастаманы құптаймын және сіздердің ел үшін маңызды деп ойлаймын. Қазақстандықтар – өз мемлекетін өзі басқара алатын мейірбан және демократ халық. Бұл өте жақсы өзгерістер болмақ.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер