Қазақстанда экзотикалық балық түрлерін өсіру саласы дамып келеді. Бұл орайда еліміздегі Арнасай алғашқы жасыл ауылы тағы көш басында.  Елді мекенде орналасқан ғылыми орталық мамандары африкалық жайын тұқымдасын баптау ісін қолға алды. Лақа деп аталатын бұл су жәндіктері  жергілікті ауа райына бейімделгенше орталықтың жертөлесінде күтіліп бағылады.

Сары құрлықтың өзен-көлдерінде көптеп кезігетін  жайындар елімізге тән емес, алайда тез бейімделіп, жылдам салмақ жинайтын қасиеттерімен ерекшеленеді.  Мына 2 текше метрлік бөшкелерге өткен жылдың соңында мыңға тарта шабақ жіберілген.

АЛЕКСАНДР СЕИЧ, ТЕХНОЛОГ:

Желтоқсан айында бізге 950 шабақ жеткізілді. Бүгінде 850-і  бейімделіп кетті. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Алғашқыда ұзындығы 10 сантиметрлік. шабақтар қазір 36 см-ге жетті. Салмақтары да 500 граммнан асты. Тағы 3-4 айда ұзындығы 1 метр салмағы 1,5 кг. болады деп күтілуде.

Жалпы жақсы күтім көрген жайынның ұзындығы бір жарым метрге, салмағы 2 кг-ға дейін барады екен. Лақаларға дәрумендермен байытылған арнайы жем беріледі. Экологиялық таза, әрі пайдалы азық Алматыдан жеткізіліп тұрады. Су екі мәрте сүзгіден өткізіліп, үздіксіз тазартылып тұрады.  Орталықтағылар алдағы уақытта спорттық балық аулау түрін дамытуды көздейді. Күн жылысымен жайындар Астана қаласының су қоймасына жіберіледі. Тәжірибе жүзеге асса әуесқой туристерге қармақ салу мүмкіндігі жасалатын болады. 

ТАТЬЯНА НЕМЦАН, «АҚБОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің орталық үшін балықтардың аквомәдениетінің бірнеше бағытын дамыту маңызды. Біріншіден, туристер мен балаларға балық аулаудың спорттық түүрін ұсынамыз. Аграрлық саладағы шаруашылықтар үшін де өте тіміді. Жайын жылдам өседі. Нарықта экологиялық таза өнім пайда болады. Бұл өзен-көлдердің биологиялық қорын сақтаудың таптырмас жолы. Болашақта ақсерке сынды етті бағыттағы балықтарды осы әдіспен өсіруді қолға алмақ ойымыз бар.

Балықтардың ескірген суымен орталықтың жылыжайдағы көкөністері суарылады. Биобактерия мен фосфорға толы сұйықтық жақсы тыңайтқыш. Оны сырт көзбен байқау қиын емес. Мәселен, балықтардан қалған су құйылып тұратын қызанақ сабақтары биіке өрлей жайқала өскен. Ал мына жүйектегілері қолданыстағы қарапайым әдіспен суарылған. Бір уақытта отырғызылғанға мүлдем ұқсамайды.  Соңғысы әлі өнім бермек түгіл гүлдеп үлгермеген.    

ТАТЬЯНА НЕМЦАН, «АҚБОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жаңа тәжірибеміздің  жемісін мына жүйектегі қызанақтардың өсуінен анық көруге болады. Қызанақ ағашы деп айтсам артық болмас. Бұндай әдіспен бір түптен бірнеше жыл бойы өнім жинауға болады. Дәстүрлі тәсілмен бір жылға да жейтпейді. Өнімділік үшін  ылғал сақтайтын жасыл технологиялар мен тамшылап суару сынды кешенді шараларды ендіру де маңызды.  

Орталық мамандары қала тұрғындарына жеміс-жидекті балкондарында өсіру мүмкіндігін ұсынып отыр. Алдымен оны энергия үнемдегіш панельдермен қаптау қажет. Мұндағы қабырға бояуының өзі жылу сақтауға арналған.  Жалпы, ғылыми орталықта жасыл технологияның 40-қа тарта түрі қолданылады. Тәжірибе нновациялық  әдістердің тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл жаңашылдықтармен жақынырақ танысып, орталықта бағбандықтың қыр-сырын менгеруге ниеттілерге арнайы оқыту курстары жүргізіледі.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер