Ауылдағы ағайын көкпар десе ішкен асын жерге қояды емес пе? Жамбыл облысының Жуалы ауданында ұлттық спорт ойынынан жарыс өтті. Турнирге жергілікті шабандоздар тұлпарларын баптап, бағын сынауға келді. Дені – жастар. Шараның басты мақсаты - осы өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізуге үндеу.

МҰСТАФА БЕКТҰРҒАНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Қазір осы ойыннан кейін біздің жастар командасы шығады. Осы ойыннан ұтып облыстың әлі республикалық деңгейдегі ойын көрсетуге жолдама алу басты мақсатымыз. Қуаныштымыз. Осындай шаралар көптеп бола берсін.

Мұндай шаралар халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеуден бөлек, жастарды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мүмкіндік береді, дейді аға буын өкілдері.

АСҚАР АХМЕТОВ, АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ:

Мынау қандай заман. Жақсы заман болды ғой қазір. Өзімізге қалаған, балалардың көкпар тартуы. + Қуалап сай-сайға тығылып барып шабушы едік  балалардың бәрі. Қазір мінеки жақсы. + Спортқа келгендер жаман жолға бармайды. Жақсы жолмен жүреді. Жақсы тәрбие деп айтамын. 

Көкпарға 14 ауылдық округтен 12 команда келді. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді. Шабандоздар қақаған аяз бен қалың қарға қарамастан көкпар шауып, салым салып, қалың көпшіліктің көңілінен шықты. Шара «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің бойында ұйымдастырылған. Жолаушылар жол жөнекей тоқтап, қазақтың ұлттық ойынын тамашалады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер