Халықаралық салық және инвестиция орталығының президенті Дэниел Витт еліміздегі конституциялық реформа жайлы көзқарасымен бөлісті. Шетелдік сарапшы Қазақстанмен етене таныс. Ол 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры атанып, 85 мемлекетпен қоян-қолтық жұмыс істеді. Экономикалық саясат саласында инвестициялық реформаларды ілгерілету үшін мемлекеттік - жеке меншік секторлар мен ғылыми ортаның бірігуіне бейтарап алаң құрды.

ДЭНИЕЛ ВИТТ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚ  ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Өзіме ұнайтын мемлекеттерім бар. Солардың бірі - Қазақстан. Ол жайында әңгіме құрған ұнайды. 25-қаңтарда Президент Н.Назарбаев жариялаған конституциялық реформалар өте маңызды деп білем. Олар Қазақстандағы демократияны жаңғырту бағытында тағы бір қадам болды. Қазақстандағы Конституция мен Үкіметтің жүйелік құрылымын, одан қалды Президент, Үкімет, Парламент пен халық арасындағы қарым-қатынасты жаңартады. Оның барлығы, мысалы, осыдан 10 жыл бұрынғы Қазақстанның қазір басқа мемлекетке айналғанын көрсетеді. Қазақ елі жаңарып келеді. Бұл реформалар жаңғырту мен демократияға апарар жолдағы өзекті қадам деп ұғыну керек.

Қазақстан саяси жүйені демократизацияландыру жолында. Ұлыбритания директорлар институтының төрайымы және Ұлттық атом агенттігінің құрметті төрайымы Барбара Джадж осындай пікірде. Сарапшы билік өкілдері арасындағы қарым-қатынас жасаудың ескі моделінен жаңаға көшуін құптайды. «Алдағы өзгерістер қоғамды жаңғыртуға бастайды»,-дейді ол.

БАРБАРА ДЖАДЖ, ҰЛЫБРИТАНИЯ ДИРЕКТОРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Мен жақсы білетін АҚШ пен Ұлыбританияда Парламент пен Конгресс бар. Халықтың билігі өздері сайлаған өкілдеріне беріледі. Ол жақтарда билік - үкімет басшысы мен өкілдері және қос палата арасында бөлінген. Сондықтан да қазақ елі Президентінің бұл бастамасына мен құрметпен қараймын. Билік тармақтарын үкімет пен парламентке бөліп беру туралы Н.Назарбаевтың шешімі үлкен қадам боп саналады. Меніңше, бұл пісіп-жетілген демократияның бірден бір белгісі.

Ал италиялық геосаясат жөніндегі сарапшы Алессандро Лундинидің айтуынша, конституциялық реформа елді демкоратияландыруға жасалған қадам болып табылады.

АЛЕССАНДРО ЛУНДИНИ, ИТАЛИЯ ЖОҒАРҒЫ ГЕОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қазіргі конституция Қазақстанда 1995 жылы қабылданған. Ол президент Нұрсұлтан Назарбаевқа кең құзырет берді. Бұл Ата заң мемлекет тәуелсіздігін жаңадан алып, қиын-қыстау кезеңді басынан кешіп жатқан кезде пайда болды. Бірақ экономикасы дамып, мемлекет нығайғаннан кейін әлеуметтік жағдайда да түзелді. Уақыт өтіп қоғам өзгергендіктен елдің саяси жүйесі мен мемлекеттік институттар жүйесі де осыған сай болуы тиіс.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер