«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында бой көтерген кәсіпорындар сапалы өнімдерін сырт нарыққа экспорттай бастады. Қазір Ертіс өңірінің өнімдері алыс-жақын шетелдерде жоғары сұранысқа ие. Мұнай коксын қыздыру зауытының өнімдеріне Ресейдің алиминий шығаратын кәсіпорны және бірнеше қытайлық компания қызығушылық танытып отыр.

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде кәсіпкерлік қазір қай жағынан болмасын, мықтап дамып келе жатыр. Мемлекеттің қолдауының арқасында. Енді Елбасы соған, азаматтарға айтып отырғаны, сол көлеммен шектеліп қалмаңдар, кәсіпорындардың сапасын арттырыңдар, шығатын өнімнің сапасын арттырыңдар. Бәсекеге қабілетті өнім шығарыңдар.

Бүгінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында барлығы 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Жоспар бойынша, жақында тағы 15-і ашылады және барлығында озық инновациялық технологиялар қолданылатын болады.

Ал жол белгілерін жасайтын елордалық кәсіпорын өндіріс көлемін арттырмақ. Енді компанияның өнімдері халықаралық маңызы бар тас жолдардың бойында бағыт-бағдар көрсетіп, жөн сілтеп тұрмақ. Халықаралық стандарттарға сай жасалған отандық өнім 10 жылға дейін шыдас береді. Қазір мамандар жаңа технологиямен жұмыс істеп жүр.  

ЕРКІНБЕК ШАЛОВ, ДӘНЕКЕРЛЕУШІ:

Жол белгілерін жасағанда бұрын трубадан жасайтынбыз. Трубадан жинап алдымен. Қазіргі біздің жаңа әдіс технология бойынша жол белгілерінің стойкалары мынау. Біздің қазіргі конструкция бойынша мына пластиналар қалай керек, сол орынға жылжытып қоя саламыз. Сол үшін жасалған жаңа технология.

Жол белгілері Шымкент, Атырау, Семей, Өскемен мен бас қаладағы жолдарға қойылады. Сондай-ақ, республикалық және халықаралық маңызы бар тас жолдарға орнатулы тұр.

ВЛАДИМИР  МИЛЮШИН, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

Қазақстанда инфрақұрылым дамып келеді. Жол салынып салынып жатыр. Бұл үрдіс болашақта жалғасатын табатынына сенімдімін. Сондықтан бізге істейтін жұмыс жетіп-артылады. Зауыт өнімі Астана-Бурабай, Батыс Еуропа Батыс-Қытай, Алматы-Қапшағай, Алматы-Өскемен тас жолы арқылы жүретін көліктерге бағыт-бағдар береді.

Жыл сайын 60 мың жол белгісін жасайтын зауыт ішкі сұраныстың тең жартысын өтейді.  Болашақта отандық өнімді экспорттау да жоспарда бар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер