Елордада «Digital Marketing» тұңғыш халықаралық бизнес форумы өтті. Жиында маркетингтік қызметтің жілігін шағып, майын ішкен табысты кәсіпкерлер желілік нарық дамуының жай-күйі мен келешегіне қатысты зертеулерімен бөлісті. Жеке ісін өрге домалатуға ынталы жандар сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесіндегі тың жаңалықтардан құлағдар болды. Шағын және орта кәсіпкерлікті заман ағымына сай дамытудың бірден бір жолы – Ай-Ти саласындағы жетістіктерді ендіріп, автаматтандырылған жүйе құру, дейді мамандар. Сандық технологиялық түрленуге бағытталған форум отандық және шақын шет елдерден мыңға тарта іскердің басын қосты. 

ЕРЛАН БАЙҒОЖИН, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Соңғы кездері кәсіпкерлерді уақытынан бұрын оза шапқан ай-ти саласындағы өнертабыстарды ендіруден бұрын түсіну жағы жиі мазалайтын болды. Сондықтан біз жаңашылдықтардың мән-мағынасын ұғындырып берсін деген ниетпен елімізге жаңа бизнес құралдарын зерттеумен айналысатын мамандарды шақырдық. Жақында Қазақстанда маркетингтік бағдарламалар мен бизнес өкілдері қауымдастығы құрылды. Мақсат – қауымдастық мүшелерінің кәсіпкерлік шеберліктерін шыңдай түсу.

Форум аясында соны үлгідегі технологиялық мүмкіндіктердің шарапатын татып жүрген бизнес түрлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жеке кәсібін бәйгеге тігіп, тәуекелге барғандар өндірісте қолданатын ноухау табысты еселеумен қатар, өнім сапасын арттыра түскеннін айтады. Мәселен, мына ұлтық нақышта тігілген киім-кешектің ою-өрнектері арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен жасалады екен.

ӘЙГЕРІМ НИЯЗОВА, КӘСІПКЕР:

Компьютерлік тігу әдісімен жұмыс жасап жатырмыз. Бұл біздің жұмысымызды жеңілдетті. Біріншіден ол өте жылдам, дәлірек және сапасы өте жоғары.

Қазір дүниежүзінде  сандық түрлену жолындағы ақпараттық технологиялар жылдам тарайтын уақыт. Сондықтан ұйымдастырушылар жергілікті кәсіпкерлер үшін  бизнес жүргізудің заманауи амал тәсілдері үйретілетін жиындар дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынына сенімді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер