Ұлттық академиялық кітапханаға елшіліктерден тарту. Еліміздегі дипломатиялық корпус өкілдері өздерінің мәдениеті мен тарихынан сыр шертер кітаптарды сыйлады. Бұл шара Қазақстанның шетелдермен дипломатиялық байланыс орнатқанына 25 жыл толуына орайластырылған. Қазіргі таңда кітапхана қорында 1 жарым млн кітап сақтаулы. Оның 44 мыңға жуығы – шетел әдебиеті. Елшіліктермен тығыз байланыстың арқасында олардың саны жыл сайын артып келеді, дейді кітапхана ұжымы. Қазақстандағы Венгрия Республикасының елшісі келесі жылы кітапханада Венгрия бұрышын ашу жоспарда бар деп отыр.

АНДРАШ БАРАНИ, ВЕНГРИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Өткен жылы тұңғыш рет мажарлық ертегілер мен аңыздардың қазақ тіліндегі жинағы жарық көрді. Аудару кезінде қазақ әдебиетіне жақын туындыларды таңдадық. Бұл жолы кітапханаға шағын тарту жасадық. Кітапханада Венгрия бұрышын ашқан кезде түрлі тақырыптағы көптеген кітаптарды сыйға тартатын боламыз.

ТАЛДЫБЕК НҰРПЕЙІС, ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҒАЛЫМ-ХАТШЫСЫ:

Біз ҰАК осы уақытқа дейін Ресей, Малайзия, Қытай, Венгрия, Финляндия сынды елдерге барып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталықтарын ашқан болатынбыз. Бұл игі шара жалғасын таба береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер