Елордада танымал суретшілердің халықаралық көрмесі ашылды. Қазақстандық «Өршіл суретшілер академиясы» жобасы жер бетіндегі әр құрлықтың өзіне тән мәнерінде орындалған ерекше туындыларын қамтыған. Көрмеге әлемнің 18 елінен жіберілген қылқалам шеберлерінің 40-қа тарта заманауи ағымдағы еңбектері қойылды. 

АЛЕСЯ АРТЕМЬЕВА, ЖОБА АВТОРЫ :

Дарынды суретшілерді ғаламтор арқылы түрлі әлеуметтік желілерден іздедік. 1 жылдың ішінде жеке парақшама 11 мыңнан артық суретшінің еңбектері жіберілді. Әрбірімен тілдестік.  Бірден бәрін қамту мүмкін емес. Қазақстанға төл туындыларын жіберуге келіскендердің арасынан жергілікті қауымға қызық болар дегендерін таңдауға тырыстық.

Еңбектердің тақырыптық аясы кең. Орындау мәнері мен қолданылған техникасы, түр-түсті таңдауда да айырмашылық сан алуан.  Әрбір шебер жергілікті бейнелеу өнерніің өзіндік қайталанбас дәстүрлі үлгісін айшықтауға тырысқан. Мәселен, мына туындылар ешбір жасанды бояусыз ежелгі жапон техникасы - ошибана бойынша  жарма өнімдерінен жасалған. Жаңа қазақстандық мәнерде еңбек ететін отандық суретшілердің жұмыстары да көрменің көркін аша түсті. Армат Бектасов қазақтың ою-өрнектерін халықаралық деңгейде танытудың жолын тапқан. Ол сызықтың күшімен адамдар, құстар, гүлдердің бейнелерін шебер жеткізе алады.

АРМАТ БЕКТАСОВ, СУРЕТШІ:

Дала сызықтары осының ішінде мен қазақ халқының өмірге деген, діни бірлестікке деген ұғымын ою-өрнектерін зерттей отырып көрсеткім келді.  Осы жұмыстар арқылы қазақ халқының тектілігін көрсетсем деймін. Сызық философиясы адамның бір жүзділігін танытатын ұғым.

Авторлардың жас ерекшеліктеріде шектеу жоқ. Тек жұмыстарының сапасына үлкен мән берілген.  Африкалық суретші 20-да енді асса, үндіс майталманы 83 жасқа келіпті. Алматыда тұсауы кесіліп, Астананы аралаған еңбектер енді Испания еліне аттанады. Қазақстандық жоба қорытындысы бойынша фильм түсіріліп, әлемнің 18 мемлекетінде көрсетілмек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер