Қазақстан Президенті жаңғырудың үшінші кезеңіне аяқ басқан мемлекеттің алдында батыл міндеттер қойды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңғыру 3.0» жолдауымен танысып шыққан Еурокомиссияның бұрынғы вице-президенті Гюнтер Ферхойген осылай дейді. Ол еліміздің құжаттағы міндеттерді жоспарлы түрде орындап, әлемнің алдынғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына қосылу мақсатына жететініне сенім білдірді.

ГЮНТЕР ФЕРХОЙГЕН, ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ БҰРЫНҒЫ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Маған жолдауда бизнесті дамытуға ерекше назар аударылғандығы ұнады. Өндірістің дамуы – экономикалық өсім мен əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Президент көптеген реформаларды жоспарлап отыр. Жолдаудың басты мақсаты 2050 жылға дейін Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу. Бұл атқарылатын міндет деп ойлаймын.

Президент Нұсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы экономиканы модернизациялау бойынша маңызды мәселелерді көтерді. Бұл Қазақстан экономикасын дамытып қана қоймай Еуразия кеңістігіне де оң әсерін тигізеді. Еуразиялық экономикалық комиссия министрі Валерий Корешковтың пікірінше, Қазақстан тәжірибесі Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше өзге де елдерге үлгі болмақ.

ВАЛЕРИЙ КОРЕШКОВ, ЕЭК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША МИНИСТРІ:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда бес бағытқа басымдық берген. Жоспар жүйелі түрде жүзеге асса , елдің дамуына ерекше екпін берері сөзсіз. Денсаулық сақтау, бизнес үшін де қолайлы жағдай жасалмақ. Бір жағынан тұтынушылар қажеттілігін қамтамасыз етеді. Екіншіден экспортты еселеп арттыруға да зор мүмкіндік болғалы тұр.

Қазақстан басшысының Жолдауында мемлекет экономикасын жаңартудың басым бағыттары айқын әрі жан-жақты көрсетілген. Қытайдағы Еуразияның әлеуметтік дамуын зерттеу институтының профессоры Ван Сяньцзюйдің пікірінше, экономикалық өрлеудің үшінші кезеңіне қадам басқан ел үшін осы бағытта атқарылатын жұмыстарды саралап, екшеп алу орынды. «Жоғарғы технологиямен қатар, агроқұрылымдық кешенге баса назар аудару – заман талабы»,-дейді сарапшы.

ВАН СЯНЬЦЗЮЙ, ЕУРОАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ПРОФЕССОРЫ:

Менің байқағаным, Президент айқын жоспар құрумен қатар, нақты ұсыныстары мен олардың орындалу тетіктерін көрсетіп берді. Сондықтан бұл Жолдаудың орындалу мүмкіндігі жоғары. Үшінші жаңғыруда жазылған тапсырмалар Қытайдың 13-бес жылдық даму жоспарымен ұқсайды. Соның бірі – инфракұрлымды дамыту. Қазақстан Орталық Азияда көліктік және транзиттік әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді жұмыс істей бастады. Қазақстан мен Қытай арасында инфрақұрлымды дамыту жөнінде көптеген бірқатар шаруалар атқарылды. Былтыр осы бағыттағы бірлескен 8 жобаның екеуін толықтай іске қосты. Келешекте бұл жобалар екі ел экономикасының өрлеуіне серпін беретін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер