Біріккен ұлттар ұйымы «EXPO-2017» базасында жасыл технологиялар орталығын ашу туралы Елбасы бастамасын қолдады. Көрмені ұйымдастырушы Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов халықаралық ұйымның бас комиссары Джихан Сұлтан-Оглумен кездесіп, тиісті келісімшартқа қол қойды. Кездесу барысында тараптар «EXPO» көрмесіне дайындық жұмыстарын пысықтады. Бүгінде ел абыройын асқақтатар шараға 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатынын растап отыр. Дәл қазір 18 ел ұлттық павильондарын безендіруге кірісіп кетті.

ДЖИХАН СҰЛТАНОГЛУ, БҰҰ БАС КОМИССАРЫ:

Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың жасыл технология орталығын ашу жайлы бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар, осы жобаға өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Тұрақты энергия тақырыбында бұл көрме қазақстан үшін таптырмас мүмкіндік болатынына сенімдімін. БҰҰ өз үлесін қосуға дайын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер