«Кітапты кез келген адам жаза алады». Қазақстандықтар Nanowrimo халықаралық жазушылар марафонына дайындалуда. Жыл сайын қараша айында өтетін шара қарсаңындағы әзірлік марафоны елімізде ақпан айы бойы жалғасады.

АЙЖАН ҚИМАНОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, ASTANA BOOK CLUB:

Әдеби марафон» кітабын оқып жатқанда келді. Ол кітапты Бейти жазған, 1999 жылы Америкада «Әдеби марафон» Nanowrimo деген марафонды бастаған, қазір ол дүние жүзінде әр елде өтеді, 200 мыңнан астам адам қатысады.

Nanowrimo марафонын жазушылардың бірегей флешмобы деп атауға да болады. Мұнда сөз саптау сапасына емес, сөздің санына көбірек мән беріледі. Шығарма жазуды армандаған, бірақ батылы жетпей немесе қолы тимей жүрген адамдар үшін марафон түрткі болса керек. Туындыны қатысушы өз әлін сынау үшін жазады, егер 30 күнде 50 мың сөз жазса, жеңімпаз атанады. Жеңімпаздар саны шектеусіз, сыйақы орнына сертификат пен кітабының бір нұсқасы басып шығарылады.

ЖАННА БЕКТЕМІСОВА, ҚАТЫСУШЫ:

Бүкіл әлемді қамтыған қозғалысқа қатысуға ықпал жасағанымыз қуантарлық жайт. Арамызда әр түрлі мамандық иелері мен түрлі жастағы азаматтар бар.  

Қазақстандық марафонға дайындық шарасына 70 адам қатысуда. Ұйымдастырушылар мамыр айында осындай тағы бір жиын өткізуді жоспарлап отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер